ҚХЛ: «Барыс» сырт айдындағы матчтарға қатысатын құрамын атады
Елордалық «Барыс» сырт айдындағы сериясын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz
Астаналық ұжым Череповец – Санкт-Петербург бағытындағы матчтар сериясына келесі құраммен аттанды:
Қақпашылар: Никита Бояркин, Юхан Маттссон, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Данил Бутенко, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Никита Камалов, Артём Королёв, Бейбарыс Оразов, Илья Хохлов.
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Станислав Бочаров, Антон Бурдасов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Батырлан Мұратов, Максим Мухаметов, Иван Николишин, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Панюков, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Никита Сетдиков, Аңсар Шайхмедденов.
«Барыс» 6 желтоқсанда сағат 21:00-де Череповецте «Северстальмен» кездеседі, ал 8 желтоқсан күні сағат 19:00-де Санкт-Петербургте СКА командасымен күш сынасады.