«Барыс» ҚХЛ-да қатарынан алтыншы кездесуінде жеңіліп қалды
Астанада КХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы жергілікті «Барыс» пен мәскеулік «Спартак» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 2:4 есебімен ресейлік клубтың пайдасына аяқталды.
Жеңімпаздар қатарында Адам Ружичка, Ансель Галимов, Даниил Орлов және Александр Беляев шайба соқты. Ал «Барыс» сапында Антон Бурдасов пен Әлихан Өмірбеков көзге түсті.
Айта кетейік, бұл «Барыс» үшін қатарынан алтыншы жеңіліс болды. Бұған дейін астаналық клуб «Амурдан» (0:3), «Авангардтан» (2:3, овертаймда), «Сибирьден» (0:2), «Металлургтен» (0:2) және ЦСКА-дан (1:3) жеңіліп қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или