Қазақстан құрамасының қорғаушысы ресейлік клубтан кетеді.
Қазақстан құрамасының 24 жастағы қорғаушысы Лев Скворцов 2024/25 маусымы аяқталғаннан кейін «Химки» футбол клубынан кетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, футболшының 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшарты аяқталған соң, оны ұзартпайтыны белгілі болды. Скворцов «Химкимен» келісімшартқа 2023 жылдың ақпанында қол қойып, 2024 жылдың шілдесінде «Шинник» клубына жалға берілді. «Химкиде» ол барлық турнирлерде 25 матч өткізіп, бір гол соққан. Биылғы маусымда Скворцов «Шинник» сапында 13 матчқа қатысты.
Бұған дейін қорғаушы «Астана» және «Тұран» клубтарында өнер көрсеткен. Қазақстан құрамасы сапында сегіз матч өткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или