АСА қазақстандық файтерге қатысты қатал шешім қабылдады
Қазақстандық файтер Бағдос Олжабай лиганың 181-ші турнирі алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне келмегені үшін ASA лигасынан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Олжабай салмақ өлшеу рәсіміне келмегені және еш себепсіз жекпе-жекке қатысудан бас тартқаны үшін АСА лигасынан босатылды. Бұл Бағдостың жекпе-жекке шықпай қойған алғашқы оқиғасы емес. Біздің лигада мұндай әрекетке жол берілмейді. Қарсыласты, ұйымды және жұмысыңды құрметтеу керек», - деп жазды АСА баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2 қарашада Санкт-Петербургте Олжабай жеңіл салмақтағы ACA-ның бұрынғы чемпионы, ресейлік Рустам Керимовке қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді.
Олжабай Ресей лигасындағы дебютін 2024 жылдың ақпан айында ACA 170 турнирінде өткізіп, Луис Рафаэльді жеңген болатын. Оның 16 жеңісі мен төрт жеңілісі бар.