«Реалдың» келесі бапкерінің есімі жарияланды
Леверкузендік «Байер» командасының бас бапкері Хаби Алонсо осы маусымның соңында «Реалды» баптауы мүмкін.
Бұл туралы Relevo хабарлайды.
Дереккөздің хабарлауынша, корольдік клубтағы испан жаттықтырушыға қызығушылық «Реалдың» Испания Примера лигасының 11-турында «Барселонадан» жеңілгеннен кейін (0:4) күшейген.
Сонымен бірге, клуб басшылығы команданың қазіргі бас бапкері Карло Анчелоттиге құрметсіздік танытқысы келмейді. Италиялық маман клубта белді қызметте қалады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или