Зайнутдинов тағы да қосалқы құрамда қалды

Зайнутдинов тағы да қосалқы құрамда қалды

Түркия Суперлигасының 10-турының орталық кездесуінде «Галатасарай» мен «Бешикташ» жолықты, деп хабарлайды Prosports.kz 

Стамбулдық дербиде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. «Галатасарай» сапында Давинсон Санчес (13-минут) пен Виктор Осимхен (67-минут) көзге түссе, қонақтардан Эрнест Мучи есеп айырмасын қысқартты (90+4-минут). «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов матчқа қатысқан жоқ. Қазақстан құрамасының футболшысы әдеттегідей қосалқы құрамда қалған болатын. 

Айта кетейік, Зайнутдинов Түрік Суперлигасының биылғы маусымында тек екі-ақ ойынға қатысып, алаңда небары бес минуттай уақыт өткізген. Тараз футбол түлегінің «Бешикташтан» кететіні жайлы қазір жиі айтылып жүр. Футболшы осы қысқы трансферде клуб ауыстыруы мүмкін. 

Жартылай қорғаушы мен «Бешикташтың» келісімшарты 2027-жылдың жазына дейін жарамды. Алайда, Зайнутдинов ойын тәжірибесінің аздығына байланысты «Бешикташтан» кетуге шешім қабылдап қойды дейтін ақпарат бар.

Дереккөз: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или