Ризабек Айтмұхан күрестен екінші рет әлем чемпионы атанды
Қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұхан Тиранада (Албания) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында финалдық кездесуде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
97 келіге дейінгі салмақта финалда Айтмұхан ирандық Махди Морафпен белдесіп, 11:6 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанса, Махди Мораф әлем чемпионатындағы өнерін күміс медальмен аяқтады.
Айта кетейік, өткен жылы 20 жастағы қазақстандық ересектер арасында әлем чемпионы атанып, Белградта (Сербия) алтын жеңіп алды. Және Айтмұхан Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2023, 2024).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или