Жәнібек Әлімханұлы қашан жекпе-жекке шығатынын айтты

Жәнібек Әлімханұлы қашан жекпе-жекке шығатынын айтты

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақпан – жекпе-жек үшін тамаша ай. Мен ақпан айында дайын боламын! Бірақ менімен кім төбелеседі деген сұрақ туындайды?!». – деп жазған Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлы мен британдық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) арасындағы келіссөздер мерзімін ұзартқан болатын. Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан бөлек, IBF белбеуінің иегері. Оның әлеуетті қарсыласына келетін болсақ, Шираз WBC Silver және EBU еуропалық белбеулерін, сондай-ақ Достастық бокс кеңесінің титулына ие.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или