Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева Уханьдағы (Қытай) турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалдық кездесуде спортшылар Г.Дабровский (Канада)/Э.Рутлиф (Жаңа Зеландия) жұбын 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 18 минутқа созылды.
Еске сала кетейік, Данилина жұптық сындағы WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 31-орында тұр, бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы ең үздік нәтиже.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или