Назым Қызайбай бастаған боксшы қыздар Азия чемпионатына дайындықты бастады
Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатына дайындықты бастады.
Түркістан облысындағы спорттық базада бокстан Қазақстанның әйелдер командасының толық құрамдағы оқу-жаттығу жиыны басталды. Аталмыш оқу-жаттығу жиынында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай, Қарағандыда өткен "Мықтылар турнирінің" жеңімпаздары Алуа Балқыбекова, Жазира Орақбаева, Әнел Сақыш және еліміздің басқа аймақтарынан жиналған боксшылар шеберліктерін шыңдап жатыр.
Сонымен қатар бокстан Үндістанның әйелдер құрамасы да бірге жаттығып жүр.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или