Қазақстанның үздік теннисшісі Алматыдағы турнирден бас тартты

Қазақстанның үздік теннисшісі Алматыдағы турнирден бас тартты

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Алматыда өтетін ATP 250 өз үйіндегі турниріне қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты

Сонымен қатар, француз Артур Фис пен итальяндық Флавио Коболли турнирге қатыса алмайды.

Айта кетейік, қатыспайтын теннисшілердің орнын Александр Вукич, Доминик Стриккер және Таро Даниэль басты.

Турнирдің жүлде қоры миллион доллардан асады. Матчтар күндізгі және кешкі екі сессияда өтеді. Турнир 13-20 қазан аралығында Алматыдағы «Алматы Аренада» өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или