Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF турнирінде алғашқы жұптық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы румындық Александр Йордачемен бірге швейцариялық-француздық дуэті Лаура Хоицки – Эаэль Молонгоға қарсы ойнап, екі сетте 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесу 1/8 финалдық кезеңде өтіп, бір сағат 18 минутқа созылды.
Айта кетейік, 19 жастағы қазақстандық теннисші қазір WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) әлемдік рейтингінде жұптық сайыста 896-шы орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или