Путинцева жеңістер саны бойынша әлемнің үздік теннисшілерінің қатарына кірді

Путинцева әлемнің үздік теннисшілері қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 2024 жылы WTA 1000 турнирлеріндегі жеңістер саны бойынша әлемнің үздік теннисшілерінің қатарына енді.
Әлемнің 32-ші ракеткасы Путинцева WTA 1000 санатындағы турнирдің бірінші кезеңінде қытайлық Чжан Шуайды (6:4, 6:4) ұтып, 2024 жылы жеңістер саны бойынша бесінші орынды иеленді. Ол биыл WTA 1000 турнирнлерінде 15 жеңіске жеткен.
Бұл тізімде польшалық Ига Швентек (30 жеңіс) белорусь Арина Соболенка (23 жеңіс), америкалық Коко Гауфф (21 жеңіс) және Даниэль Коллинз (17 жеңіс) бар.
Айта кетейік, Путинцева Қытайдағы беделді турнирдегі өнерін сәтті бастады. Уханьда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы жарыстың бірінші айналымында әлемдік рейтингте 32-орында тұрған қазақстандық теннисші 250-орында тұрған қытайлық Чжан Шуайды жеңді.
Қытайдағы турнирдегі келесі кездесуінде Путинцева Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлемнің 18-ші ракеткасы хорватиялық Донна Векичпен сынға түседі.