Бублик Қытайдағы жарыстың екінші айналымында сүрінді

Бублик Қытайдағы жарыстың екінші айналымында сүрінді

Ресейлік теннисші Роман Сафиуллин Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан Masters турнирінің үшінші айналымына шықты.

Ол екінші айналымда қазақстандық теннисші Александр Бубликті 6:4, 6:2 есебімен ұтты. 

Келесі айналымда Роман Сафиуллин америкалық Фрэнсис Тиафо (АҚШ) пен қытайлық Йи Чжоу арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, Шанхайдағы ATP-1000 турнирі 2-13 қазан аралығында өтеді. Жүлде қоры 8 995 555 долларды құрайды, былтырғы турнирдің жеңімпазы - поляк теннисшісі Хуберт Хуркач.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или