Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте бірден 81 орын жоғары көтерілді
Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасында Дияс бірден 81 ұпайға көтеріліп, 490-орынға орналасты.
Естеріңізге сала кетейік, жарақатына байланысты екі жылға жуық алаңға шықпаған қазақстандық теннисші өткен айдың соңында алғаш рет Бейжіңде өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты. Дияс іріктеуден сәтті өтті, бірақ 1/64 финалда Тайланд спортшысы Мананчае Савангкаевтан жеңілді - 2:6, 3:6.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или