WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық титулын қорғауға ордер берді

WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық титулын қорғауға ордер берді

WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бүгінгі жекпе-жегінде WBO әлем чемпионы титулын қорғайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

WBO ұйымы жекпе-жекке бір күн қалғанда, Жәнібек-Михайлович айқасында қазақстандық боксшыға WBO титулын қорғауға ордер берді.

The ring басылымының хабарлауынша, Жәнібек жеңіске жетсе, екі чемпиондық атағын да сақтап қалады. Ал егер жеңіліс тапса Михайлович IBF титулын иеленіп, WBO белбеуі бос қалады

IBF ережелеріне сәйкес, екі боксшы бүгін екінші мәрте салмақ өлшеуден өтті. Жәнібек таразыда 171,7 фунт (77,6 кг) көрсетіп, белгілеген лимиттен аспады. Ал Андрей- 169,2 фунт (76,7 кг) шықты

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жәнібек алғашқы салмақ өлшеуде 159,6 фунт (72,3 кг) болды, ал Андрей- 159,9 фунт (72,5 кг) шықты.

Баспасөз мәслихатында Жәнібек қарсыласын жеңетініне сенімді екенін, Сиднейде еліміздің байрағын желбіреткісі келетінін айтқан еді. 

Айта кетейік, Жәнібек - Андрей жекпе-жегі No Limit Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен 4 қазан күні Австралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтеді.

Боксшылар тек IBF әлем чемпионы титулын сарапқа салатын болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или