«Сені өлтіремін». Жәнібек Әлімханұлы қарсыласының мәлімдемесіне жауап берді
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Андрей Михайловичтің пікірлеріне жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бүгін Сиднейде болғаныма қуаныштымын. Өзімді тамаша сезініп тұрмын. Біз Вегаста бұл шіріктің толықтай масқара болғанын ұмытпаймыз. Бұл өте кәсіби емес қылық еді. Аустралия менің екінші үйім сияқты, мұнда өзімді керемет сезінемін. Жұма кеші менің таққа отыратын күнім болады. Вегаста, ол салмақ қуа алмай, көп адамды жерге қаратты. Сол кеш менің жеңісім болуы керек еді. Бірақ бұл енді өткеннің ісі. Алға қарай жылжу керек. Мен оған не айта аламын? Сені аямай өлтіремін», — деді Михайлович.
«Қазақ стилі» қарсыласын дереу сабасына түсірді: «Ертеңгі күн сен үшін өте қиын болады. Чемпионмен айқасу не екенін көрсетемін. Өткенді артта қалдырдық, бірақ жұма күні сен өзіңе орын таба алмай қаласың».
Әлімханұлы мен Михайлович арасындағы жекпе-жек 4 қазан күні өтеді.