Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан халықаралық турнирді жеңіспен бастады
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан Шымкентте өтіп жатқан халықаралық турнирдің келесі кезеңіне өтті, деп жазады Olympic.kz.
Боксшылар Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр.
48 келіде жұдырықтасатын Санжар Тәшкенбай бірінші кезеңде алматылық Сүлеймен Тілеубердімен кездесіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.
54 келіде бақ сынайтын Махмұд Сабырхан Алматы облысының өкілі Тимур Кенжеақыннан басым түсті. Шымкенттегі халықаралық турнир 6 қазанға дейін жалғасады.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или