Лондонда Бивол мен Бетербиев жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді

Лондонда Бивол мен Бетербиев жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді

Жеңіл салмақтағы әлем чемпиондары Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев Лондонда 12 қазанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

Айта кету керек, бұл жекпе-жектің алдындағы екінші баспасөз мәслихат. Маусым айына жоспарланған ойын Артурдың жарақатына байланысты қазанға ауыстырылған болатын.

Дәстүр бойынша қалың елдің алдында екі спортшы көзқарас дуэльіне шықты.

Бивол мен Бетербиев те әлі күнге жеңіліс тауып көрмеген, сондай-ақ екеуі де әлем бойынша үздік 10 боксшының қатарына кіреді.

Бұл көптен күткен жекпе-жек 1 маусымда өтуі керек еді. Алайда, Артурдың жарақатына байланысты уақыт өзгертілді.

Енді олардың бақ сынасуы Сауд Арабиясында 12 қазанға жоспарланған.

Дереккөз: Zakon.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или