Қазақстан ҰОК Куба елшісімен кездесу өткізді

Қазақстан ҰОК Куба елшісімен кездесу өткізді

Бүгін, 24 қыркүйек күні, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің штаб-пәтеріндее ҰОК президентінің халықаралық сауалдар  бойынша кеңесшісі Әлімжан Ақаев пен Куба елшісі Оскар Сантана Леон мырзаның кездесуі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Құрметті қонақпен  кездесу екі ел арасындағы спорттық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, кездесуге Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Рауан Игенев те қатысты. 

Кездесу барысындағы негізгі тақырып- ұлттық құрамалардың жақында Парижде өткен Олимпиада ойындарындағы жетістіктері мен екі елдегі спортты дамыту мәселелеріне бағытталды. Тараптар  жақын болашақта бокс пен басқа да спорт түрлерінен екі елдің бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу мәселесін талқылады. 

Айта кетелік, 2024 жылғы жазғы ойындарда кубалық боксшылар бір алтын, бір қола медаль иеленді. Күрес түрлерінен аталған ел өкілдері бес медаль алды, оның ішінде даңқты балуан Михаин Лопестің бесінші тарихи алтыны да бар. 

«Оскар Сантана Леон мырза екі елдің спорт саласындағы әріптестігіне қызығушылық  танытты. Сондай-ақ,  Куба спортшылардың нәтижесін және аталған саланың жалпы деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен спорттық жобаларға қатысуға дайын. Біз ойластырылған жоспарларымызды міндетті түрде жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндікті қарастырамыз», - деді Әлімжан Ақаев.

Кездесу соңында тараптар екі ел  спортшыларының, жаттықтырушылар мен спорт мамандарының өсуі мен дамуы үшін мүмкіндік жасауға баса назар аудара отырып, спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендіктерін білдірді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или