Қарағандыда әйелдер боксынан «Мықтылар турнирі» басталды
Бүгін, яғни 23 қыркүйекте Қарағанды қаласында әйелдер боксынан «Мықтылар турнирі» басталды. Бұл жарыс қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып саналады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл жарыстың тағы басты ерекшелігі – қыздарымыз бірінші рет бас киімсіз жұдырықтаспақ. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай бас киім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.
Турнирде 19-40 жас аралығындағы барлық бұрымды боксшылар қатысуға келген. Олар 12 салмақ дәрежесі бойынша: 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг өзара мықтыларды анықтамақ.
Қазақстан бокс федерациясы аталған жарысты барынша ашық өткізу үшін тікелей көрсетілім, толыққанды ақпарат тарату және таза төрелік тұрғысынан қамтамасыз етпек.
Бүгін жарсытың ресми ашылу салтанаты 15:00-де басталады. Ал алғашқы іріктеу сайыстары 15:30-дан 19:00 аралығында болады.
Жартылай финалдық кезеңдер 26 қыркүйекке, ал финалдық жекпе-жектер 27 қыркүйекке жоспарланған.