Есбол Сұлтанов қазақстандық таеквандоның басты мәселесі туралы айтты
Таэквондодан Тунис құрамасының жаттықтырып, Париж Олимпиадасында бұл құраманы алтын медальға алып келген маман Есбол Сұлтанов қазақстандық таеквандоның басты мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазақстандық таеквандошылар 14-17 жастағы кадеттер арасында соңғы әлем чемпионатында 6 медаль иеленген, екеуі финалға дейін жеткен. Кадеттер арасында бізде үш әлем чемпионы бар. Соңғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сында бірінші орын алды. Құраманың бапкері, менің әріптесім, Мырзағали деген маман әлемнің үздік жаттықтырушысы атанды. Кадеттер арасында бізде жетістіктер бар болады да, бірақ ересектерге келген кезде олар тоқтап қалып жатыр. Осы тұрғыдан Кореядан келген бапкерлердің кері септігі тиген сияқты», - деді Сұлтанов Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында.
Есбол Сұлтанов — таэквондодан Тунис құрамасының қазақстандық жаттықтырушысы және бас тәлімгері. Оның басшылығымен Тунис құрамасы Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған болатын.