Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн ресми белгілі болды
No Limit Boxing промоутерлік компаниясы Twitter парақшасында жеңіліп көрмеген әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі туралы ресми хабарлама жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Kazakh Style» WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Оның келесі қарсыласы Жаңа Зеландияның атынан шығатын ресейлік Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) болады. Жекпе-жек 4 қазанда Сиднейде (Австралия) өтеді.
26 жастағы Санкт-Петербургтің тумасы IBF белбеуіне міндетті үміткер.
Айта кетейік, қос боксшы арасындағы жекпе-жек биыл 13 шілдеде Лас-Вегаста өтуі керек еді, бірақ қазақстандық боксшының денсаулығына байланысты өтпей қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или