Астанада спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионаты басталды

Астанада спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионаты басталды

Астанада спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz

ҚР Президенті орталығында 2024 ICPC World Finals - жыл сайын әлемнің үздік командалары қатысатын спорттық бағдарламалаудан студенттер арасындағы ең беделді жарыстың ашылу салтанаты өтті. Биыл 103 ел мен 3000 университет атынан сынға түсіп, аймақтық және ұлттық іріктеуден сүрінбей өткен 142 команда финалға шықты. Жарыста Қазақстан намысын елдің үздік техникалық жоғары оқу орындарының бес командасы қорғайды. Бұл турнир Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі ІТ-хаб ретіндегі деңгейін арттыра түсуде маңызды рөл ойнайды.

Жарыстың ашылу салтанаты 15-20 қыркүйек күндері Астанада өтетін чемпионаттың бастауы болды. Біріншілік аясында қатысушыларды Huawei ұйымдастыратын ICPC Challenge, JetBrains және спорттық бағдарламалаудан экс әлем чемпиондары өткізетін blind-coding бойынша бірегей шеберлік сағаты, сондай-ақ өзге де шаралар күтіп тұр. 2024 ICPC World Finals чемпиондары 19 қыркүйек күні финалистер код арқылы алгоритмдік есептерді шешуге берілген бес сағаттық жарысты аяқтағаннан кейін, шектеулі уақыт жағдайында қателер мен дұрыс емес мүмкіндіктердің ең аз саны негізінде анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или