Бектұр Қиятбай Executive Masters in Sports Organisations Management оқыту бағдарламасының қатысушысы атанды

Бектұр Қиятбай Executive Masters in Sports Organisations Management оқыту бағдарламасының қатысушысы атанды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорт Департаментінің басшысы Бектұр Қиятбай Халықарлық Олимпиада комитетінің беделді Executive Masters in Sports Organisations Management (MEMOS) оқыту бағдарламасының қатысушысы атанды. 

Ол аталған бағдарлама бойынша ХОК-тың мақұлдауынан өткен тарихтағы екінші қазақстандық атанды. Сондай-ақ, испан бөліміне түскен алғашқы жерлесіміз саналады. Бұл бағдарлама бойынша 2005 жылы қазақстандық Виктор Ким білім алған.  

Спорттық менеджмент саласындағы арнайы курс Олимпиадалық ниеттестік қолдауымен өткізіледі және курс аяқталған соң executive master дәрежесін алуды ұсынады. 

«Бағдарлама Олимпиадалық ниеттестіктің бір бөлігі саналады. Оқуға өтінім бергендерді ХОК пен MEMOS профессорлары таңдады. Негізгі талап ретінде еңбек өтілі мен жұмысқа икемі қарастырылған. Жобада мен «Спорттық білім мен ғылымды жаңғырту арқылы элиталық спортты дамыту» тақырыбын таңдадым. Нәтижесінде төрт құрлықтың 36 студенті испан бөліміне қабылданды», – дейді Қиятбай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или