Мемлекет басшысы паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерін марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция астанасы Париж қаласында өткен XVII жазғы Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерін марапаттады.
Президент алтын медаль иегерлері, пара пауэрлифтингтен екі дүркін чемпион Давид Дегтяревті І дәрежелі "Барыс" орденімен, дзюдодан олимпиада чемпионыы Ақмарал Науатбекті ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.
Күміс медальға ие болған Еркін Ғаббасов, Нұрдәулет Жұмағали және Ерғали Шәмей "Парасат" орденінің кавалерлері атанды.
"Құрмет" орденін қола жүлдегерлер Дастан Мұқашбеков, Зарина Райфова, Даяна Федосова және Жұрқамырза Шүкірбеков иеленді.
Ұлттық құрама бас бапкерлері мен спортшылардың жеке жаттықтырушылары арасынан 5 азаматқа "Парасат" ордені, 7 адамға "Құрмет" ордені берілді. Ал 2 жаттықтырушы президенттің Құрмет грамотасымен марапатталды.