Ривалдо Бразилия құрамасының ойынын сынға алды

Ривалдо Бразилия құрамасының ойынын сынға алды

Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Ривалдо ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі ойынын сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бразилия өте нашар футбол көрсетіп жүр. Ұлттық құрама қиын кезеңдерді бастан кешіріп жатыр. Бұл өкінішті әрі адамдарға ұнамайды. Бразилияның өзінен әлдеқайда төмен тұрған Парагвайдан жеңілгені көңіл көншітпейді. Парагвай осы іріктеу кезеңіндегі небәрі екінші голын соғып, Бразилияны жеңіп кетті. Енді Чили құрамасын жеңу керек. Өйткені Чилимен кездесудегі жеңіліс жағдайды айтарлықтай қиындатады», - деп келтіреді AS басылымы Ривалдоның сөзін.

Айта кетейік, қазір Бразилия құрамасы 10 ұпаймен топтық турнир кестесінде бесінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или