Ян Облак бүгінгі матчқа қатыспауы мүмкін

Ян Облак бүгінгі матчқа қатыспауы мүмкін

Ян Облак бүгінгі ойында алаңға шықпауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz 

Әйгілі қақпашы өз құрамасының Аустрияға қарсы кездесуінде қосалқы құрамда қалған еді.

Матьяж Кек 1:1 есебімен аяқталған ойында «Олимпия» қақпашысы Матевж Видовшекті алаңға шығарды. 24 жастағы футболшы өз тарапына бағытталған 3 соққының біреуін қақпасына өткізіп алды. 

Құрама мен командаға келгенде өз есесін жібермейтін Облак бапкер шешімі бойынша жарақатына байланысты қосалқы құрамда қалды. Ян соңғы рет бір жыл бұрын ауыр жарақат алғаны бар. Арқа тұсының ауыртпалығының кесірінен Облак сол кезде 92 күн лазаретте жатқан екен. Бұған дейінгі жарақаттарында словениялық көп дегенде 10 күнге дейін қатардан шыққан болатын. Бүгінгі болатын матчты да словениялық өткізіп алу қаупі жоғары. Қақпашы өз құрамасының ойын-алды жаттығуларында бой көрсетпеді.  

Жалпы 31 жастағы қақпашы Словения құрамасы үшін жалпы алғанда 69 ойын өткізді.

Дереккөз: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или