Пәтер, автокөлік: Паралимпиаданың күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиға бағалы сыйлықтар табысталды

Пәтер, автокөлік: Паралимпиаданың күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиға бағалы сыйлықтар табысталды

XVII жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстаның еңбек сіңірген спорт шебері Нұрдәулет Жұмағалиға Жамбыл облысының жұртшылығы сый-құрметін көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, параспортшыны жақындары мен жанкүйерлері «Әулие-Ата» халықаралық әуежайынан құшақ-құшақ гүл шоқтарымен күтіп алып, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ «Тараз-Арена» спорт кешенінде салтанатты шара ұйымдастырылып, оған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Өңір басшысы жүзу шеберіне жамбылдықтардың атынан алғыс білдіріп, екі бөлмелі пәтер мен көліктің кілтін табыстады.

«Нұрдәулет Жұмағалиға жазғы Паралимпиада ойындарындағы жоғары көрсеткіші үшін демеушілердің тарапынан 2 бөлмелі пәтер мен Toyota Camry 75 автокөлігінің кілті табысталды. Жеке жаттықтырушысы Саттар Бейсембаевқа да ілтипат көрсетіліп, Haval M6 автокөлігінің кілті берілді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстандық пара жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түсіп, күміс жүлде еншіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или