Әсем Орынбай стенд атудан әлем кубогының супер финалында бақ сынайды
13-18 қазан аралығында Үндістан астанасы Делиде спорттық атудан әлем кубогі кезеңдерінің супер финалы өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған финалға стенд атудан Қазақстан құрамасы сапынан бір спортшы жолдама алды. Ол - Әсем Орынбай.
Орынбай стенд атудан skeet бағдарламасы бойынша сынға түседі.
Айта кетелік, қазақстандық спортшы биылғы маусымда сәтті өнер көрсетіп, әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.
Өкінішке қарай, Олимпиада төрінде Әсемге жүлделі орын бұйырған жоқ.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или