Көшпенділер ойыны: Қазақстанның медальдар саны 67-ге жетті

Көшпенділер ойыны: Қазақстанның медальдар саны 67-ге жетті

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төртінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 6 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы алтын медальдар санын 27-ге жеткізіп, жалпы есепте бірінші орында келеді. Сонымен қатар ел қоржынында 17 күміс, 23 қола жалпы 67 медаль бар.

Ал осы күнге дейін екінші орынды Қырғызстан құрамасы бермей келе жатқан болатын. Алайда, бүгін Өзбекстан құрамасы 1 алтын айырмашылығымен қырғыздары үшінші орынға сырғытты.

Өзбекстан құрамасының еншісінде 11 алтын, 12 күміс, 9 қола (32) медаль бар. Ал Қырғызстан спортшылары 10 алтын, 13 күміс, 15 қола (38) медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр.

Ал төртінші орынға 9 алтын, 7 күміс, 19 қола (35) медаль жеңіп алған Ресей құрамасы ие болса, Иран спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 7 қола (11) медальмен жалпы есепте бесінші орында келеді.

Бүгінге дейін жалпы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдесі 28 мемлекеттің спортшыларына бұйырды.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или