Станислав Черчесов Бауыржан Исламхан туралы: «Оған көмектесу керек»

Станислав Черчесов Бауыржан Исламхан туралы: «Оған көмектесу керек»

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов «Ордабасы» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның алаңға шықпау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Жартылай қорғаушы Норвегия және Словениямен матчта тізімде болды. Бірақ екі ойында да алаңға шықпады.

«Мен оны жайдан-жай шақырған жоқпын. Бір-екі рет кабинетіме келген. Екеуіміз сөйлестік, айтқаныммен келісті. Бауыржан Біріккен Араб Әмірліктеріне кетпей тұрғанда көргенмін. Сол кезбен салыстырғанда қазіргі бабы екі түрлі. Мен контраст көрдім. Әзербайжанмен матчта Бауыржанды мүлдем танымадым», - дейді Станислав Черчесов.

Бас бапкер Исламхан өзінің қандай кемшілігі барын, не істеу керегін жақсы біледі деп отыр.

«Ол не үшін алаңға шықпағанын жақсы түсінеді. Бауыржан ақылды жігіт, ақымақ адам футбол ойнамайды. Енді «Ордабасыдағы» жағдайын қарайық. Бапкер ауысты, оған көмектесу керек. Әрбір допқа жанасқаны бұрын шедевр болатын. Ал қазір алаңда шешім қабылдау жетіспейді. Біздің командада сондай ойыншы бар екеніне мақтанамын, енді бірге жұмыс істеуіміз керек», - дейді ресейлік маман.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или