Қазақстан футбол федерациясының президенті бас бапкер туралы мәлімдеме жасады
Әділет Бәрменқұлов Словениямен өткен ойыннан кейін бас бапкер Станислав Черчесов туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов алдағы уақытта бас бапкерді қолдайтынын айтты:
«Станислав Саламұлы словениялықтармен болған матчтан кейін әлі ештеңе айтпады, алайда, мен Федерация президенті ретінде ешқандай трагедияның болмағанын айта аламын. Черчесов екеуміздің шынайы жағдайды көре алғанымызға тіпті қуаныштымын да, енді біздің салыстыру жасайтын мүмкіндігіміз бар. Станислав Саламұлы үшін енді қалай әрекет етіп, қандай шешім қабылдау керектігі анық бола түсті. Словениялықтармен бізге физика жетпеді және бұл жердегі мәселе жолдың қашықтығында да емес, жекелеген ойыншының дайындығында деуге болады. Пайдалы дүние орын алды әрі болашақтағы міндетіміз мынадай – ұлттық құрама Черчесовтің кезінде құрылады. Бұл жерде ешқандай да трагедия болған жоқ».