ҚФФ президенті медиафутбол лигасындағы жағдай туралы айтты
ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов медиафутбол лигасында болған жағдай туралы пікірін айтты.
- Күні кеше Медиа лигада болған жағдай бәрімізді елең еткізді. Екі команда ойыншылары бір-бірімен келіспей қалып, эмоцияға ерік берді. Бұл оқиға бірінші рет болып отырған жоқ. Өткен жылы да орын алған. Сондықтан да, медиа лигада ойнайтын әуесқой ойыншыларды мәдениеттілікке шақырамын. Футбол - бұл ең алдымен ұлы өнер!
Спорттың ең көркем түрі болып саналады. Жаға жыртысып, былапыт сөздер айтыла берсе, жағымсыз оқиғалар тағы қайталанса Медиа лиганы Қазақстан аумағында өткізуге мүлде тиым саламыз.
Түсіністікпен қарап, қателіктерді жоясыздар деген үміттемін!, деп жазды ол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или