Қазақстандық теннисші АҚШ ашық чемпионатын сәтті бастады
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко АҚШ ашық чемпионатын сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол бірінші айналымдағы кездесуде Германия теннисшісі Доминик Кёпферді 6:3, 7:5, 5:7, 6:2 есебімен ұтты.
Кездесу 2 сағат 56 минутқа созылды.
US Open 26 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтеді. Ерлер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 75 миллион АҚШ доллары.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или