Норвегиялық спортшы 28 жыл сақталған әлемдік рекордты жаңартты

Норвегиялық спортшы 28 жыл сақталған әлемдік рекордты жаңартты

Силезияда (Польша) «Бриллиант лига» кезеңінде ерлер арасында 3000 метрге жүгіруден жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың жеңімпазы норвегиялық спортшы Якоб Ингебригтсен болды. Ол 7 минут 17,55 секундтық жаңа әлемдік рекордпен мәреге жетті, ол кениялық Даниэль Коменнің 1996 жылы орнатқан 7:20,67 бұрынғы рекордын үш секундқа артқа тастады.

Мәреге екінші болып эфиопиялық спортшы Бериху Арегави (7,21,28 секунд) келді. Үшінші орын отандасы Йомиф Кеджелчаға (7,28,44) бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или