Семсерлесу: Эльмир Алимжанов Олимпиаданың 1/8 айналымына жолдама алды
Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының ең тәжірибелі мүшесі Эльмир Алимжанов 2024 жылғы Олимпиаданың 1/16 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алимжановтың қарсыласы – франциялық Луиджи Мидльтон болды. Қарсыластар өте тартысты жекпе-жек өткізіп, жеңімпаз бір ұпай айырмашылығымен анықталды.
Кездесу 15:14 есебімен Эльмирдің жеңісімен аяқталды.
Айта кетелік, бұған дейін қазақстандық Руслан Курбанов Олимпиаданың 1/8 айналымына шыққан болатын.
Фото: Владислав Семенов
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или