УЕФА рейтингінде 144-ші орында тұрған елордалық "Астананың" активі ең үздік көрсеткішке ие. Біздің басқа командаларымыздың жағдайы келесідей: "Тобыл "(176-орын)," Қайрат "(219)," Ордабасы "(345)," Шахтер "(355)," Ақтөбе "(365)," Қызылжар "(372) және" Қайсар " (387).
Қазақстандық клубтар еуропалық рейтингтің үздік жүздіктері қатарына жетуді арман етіп жүргенде, бұл тізімнің шылбырын ағылшынның "Манчестер Ситиі" ұстап келеді. Одан кейін "Реал" және "Бавария" тұр. Еуропаның үздік ондығына "Ливерпуль", "Рома", "ПСЖ", "Вильярреал", "Боруссия", "Челси" және "Интер" кіреді.