Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогында 6 алтын медаль жеңіп алды
Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогы өтті.
Турнирде тоғыз команданың спортшылары күш сынасты. Жалпы есебі 355 спортшы Алматы татамиінде өзара мықтыны анықтады.
Қазақстан командасы аталған турнирде 6 алтын, 7 күміс және 14 қола медаль иеленіп, жалпы есепте екінші орыннан көрінді.
Бірінші орын Өзбекстан құрамасының еншісінде. Олар 6 алтын, 7 күміс және 16 қола иеленген.
Үздік үштікті Моңғолия түйіндеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или