«Ордабасы» колумбиялық ойыншымен келісімшартқа отырды
Шымкенттік «Ордабасы» колумбиялық 26 жастағы қорғаушы Кристиан Товармен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кристиан Товар «Ордабасыға» өткен маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен Молдова «Шерифінен» ауысты. Қорғаушы Лигада 9 матч өткізіп, 2 гол соқты.
Беделді Transfermarkt сайтының мәліметінше, футболшы шымкенттік клубқа жалға алынған. Оның трансферлік құны 750 мың еуроға бағаланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или