Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары белгілі болды
Шымкентте семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Шпагамен семсерлесуден ерлер арасында Александр Федотов топ жарды. Қыздар арасында алматылық Мария Лесовская алтын медаль иеленді.
Ерлер арасындағы командалық сында Шығыс Қазақстан облысы көш бастады. Әйелдер арасында командалық жарыс Алматы командасының жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі мәресіне жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или