Португалия құрамасы Словенияны жеңіп, 1/4 финалға шықты
Португалия құрамасы Еуро-2024 1/8 финалында Словенияны пенальтилер сериясында жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду 105-минутта пенальтиден мүлт кетті.
Пенальти сериясында Диого Кошта үш соққыны да дәл қайтарып, португалиялық ойыншылар үш әрекетті де голға айналдырды.
Португалия ширек финалда Франциямен кездеседі. Матч 5 шілдеде Гамбургте өтеді және Астана уақытымен 00:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или