«Астана» албаниялық футболшымен келісімшартқа отырды
«Астана» албаниялық жартылай қорғаушы Назми Грипшидің ауысқаны туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ресми: Назми Грипши — «Астана» футболшысы.
«Астана» футбол клубы албаниялық жартылай қорғаушы Назми Грипшимен келісімшарт жасасқанын қуана хабарлайды.
Назми Албанияның тумасы. 26 жастағы футболшы мансабының көп бөлігін «Астана» 2023/24 маусымында УЕФА конференция лигасында кездескен «Балканиде» өткізді. Ол шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында ойнайды, және оң немесе сол қанат шабуылшысы ретінде де өнер көрсете алады.
Ол Косоволық команда сапын да барлығы 31 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. «Скендербеу» қатарында 14 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.
Албаниялық футболшымен келісімшарт екі жыл мерзімге жасалды», - деп хабарлады Астана.