Қазақстан чемпионаты: Жеңіл атлетикадан алғашқы жеңімпаздар анықталды
Бүгін, 11 маусымда Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды.
Турнирдің таңғы бағдарламасы аясында алғашқы медальдар табыс етілді.
Әйелдер арасында 20 000 метрге жүгіруден Ясмина Тоқсанбаева (Алматы) жеңіске жетті. Мәреге екінші болып Галина Якушева (Шығыс Қазақстан облысы) жетті. Үшінші нәтижені Эльмира Калимуллина (Алматы) көрсетті.
Ерлер арасында алматылық Виталий Терехин жеңіске жетті. Дархан Әсетханұлы (Шымкент) қашықтықты өте алмады.
Әйелдер арасында балға лақтырудан Анастасия Калошина (Шығыс Қазақстан облысы) алтыннан алқа тағынды. Екінші орында Диана Серік (Астана). Адема Ерланқызы (Шығыс Қазақстан облысы) үшінші болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или