Ролан Гарростағы сенсация: Әмір Омарханов жарыстың 3-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға өтті

Ролан Гарростағы сенсация: Әмір Омарханов жарыстың 3-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға өтті

Қазақстандық Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге ширек финалда осы жарыстың 3-ракеткалары, франциялық Томас Форел - румыниялық Лука Предамен сынға түсті.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде франциялық-румыниялық дуэт қарымта қайырды - 6:4. Дегенмен супер тай-брейкте Әмір мен Тимофей жеңісті жұлып алды - 12:10. Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында олар 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Франциялық-румыниялық жұп 3 эйс, 4 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Әмір Омарханов - Тимофей Дерепасконың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или