Азат Мақсұмның UFC-дегі үшінші жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Қазақстандық файтер Азат Мақсұм (17-1) 3 тамызда октагонға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты MMA.Metaratings.ru-ға сілтеме жасап.
Ол UFC-дегі үшінші жекпе-жегін 3 тамызда Абу-Дабиде америкалық Си-Джей Вергараға қарсы өткізеді. Бұл турнирдің басты кездесуінде Умар Нурмагомедов пен Кори Сэндхаген кездеседі. Сондай-ақ, кардта Тони Фергюсон – Майкл Кьеза және Ник Диас - Висенте Люке жекпе-жегі өтеді.
Айта кетейік, Мақсұм биыл ақпанда UFC Fight Night 235 турнирінде америкалық Чарльз Джонсоннан (15-6) жеңіліп, мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или