ВТБ Бірыңғай лигасы: ЦСКА 11-рет чемпион атанды
5 маусым күні Қазанда ВТБ Бірыңғай лигасының финалдық сериясы аясында УНИКС пен ЦСКА арасындағы бесінші ойын өтті. Кездесу 66:55 (19:16, 19:18, 8:20, 9:12) есебімен ЦСКА жеңіске жетті. Осылайша мәскеуліктер ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәскеулік клуб үшін бұл жеңіс тарихтағы 11-жеңісі болды. Кейінгі рет ЦСКА Бірыңғай Лигада 2020/2021 маусымында жеңіске жеткен болатын. Одан кейін финалдық серияда ЦСКА тағыда УНИКС-ті жеңген.
Мәскеулік клубтың ең нәтижелі ойыншысы Антон Астапкович болды.
Ал қазандық командадан ең нәтижелі ойыншы америкалық Джален Рейнольдс болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или