Дмитрий Бивол Артур Бетербиевті қалай жеңуді жоспарлап отырғанын айтты
Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол отандасы Артур Бетербиевке қарсы титулдық жекпе-жекте қалай жеңіске жетуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бивол мен Бетербиев 12 қазан күні Сауд Арабиясында жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.
«Әрине, мен жеңуім керек. Не істеуім керек екенін білемін. Бетербиевті қалай жеңуге болады? Артурмен жекпе-жекте барлық шеберлігім шешуші рөл атқарады – жылдамдық, қозғалыс, психология, төзімділік. Барлығы маңызды болады», - деп келтіреді Fight Hub TV Биволдың сөзін.
Өткен аптада Дмитрий Бивол ливиялық боксшы Малик Зинадты жеңіп, WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или