«Аль-Хиляль» Король кубогын жеңіп алды. Роналду тағы жүлдесіз қалды
Сауд Арабиясы Король кубогының финалында «Аль-Хиляль» мен «Аль-Наср» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, «Аль-Хиляль» пенальти сериясында жеңіске жетті (5:4).
Кездесудің жетінші минутында «Аль-Хиляль» шабуылшысы Александр Митрович есеп ашты. «Аль-Наср» шабуылшысы Айман Яхья 88-минутта есепті теңестірді.
«Аль-Хиляль» алтын дубльге қол жеткізді: Король кубогынан бөлек олар Сауд Арабиясы чемпионатын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или