Павлодарда жағажай футболынан Қазақстан кубогы өтеді

Павлодарда жағажай футболынан Қазақстан кубогы өтеді

Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Павлодарда жағажай футболынан ел кубогы өтеді. Павлодар облысының намысын «Арман» клубы қорғайды.

Жағажай футболынан ел кубогының ойындары Павлодар қаласында 7-9 маусым күндері өтеді.

«Футбол ойындары орталық жағажайда ұйымдастырылады. Бұл – біздің аймақ үшін маңызды оқиға. Турнирде облыс намысын еліміздің ең атақты жағажай клубы – павлодарлық «Арман» қорғайды. Бапкері – Болат Аленов. Кубок ойындарында Шарбақты ауданы турнирінің дебютанттарын да атап өткен жөн», - деп хабарлады Павлодар облысының футбол федерациясы.

Кубок үшін таласта сондай-ақ, «Малайсары» футболшылары, Семей қаласының «Barqy», Абай облысының «Spartak» командалары өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или